Өңірлер

"Жедел жәрдемнің" тежегіші істен шыққан: Алматыда жаппай жол апаты болды

Жол апаты салдарынан жедел жәрдем фельдшері мен Mercedes жүргізушісі жарақат алды, екеуі де жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 9 сәуір – Sputnik. Алматыда Райымбек және Сайын даңғылдарының қиылысында жаппай жол апаты болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Жедел жәрдемнің" тежегіші істен шыққан: Алматыда жаппай жол апаты болды

Куәгерлердің айтуынша, көпірден түсіп келе жатқан жедел жәрдем көлігінің тежегіші істен шығып, бар жылдамдықпен кептелісте тұрған Mercedes-ке соғылған.

Ақтөбе маңында жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады: қайтыс болғандар бар

Мерседес қатты екпінмен алға қарай ұшып түсіп, Toyota көлігін соққан, жолай Hyundai-ға да тиіп өткен. Toyota жүргізушісі де алға жылжып, Nissan автокөлігін соқты.

Жол апаты салдарынан екі адам – ​​жедел жәрдем фельдшері мен Mercedes жүргізушісі жарақат алды. Екеуі де түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.