Саясат

Қазақстан мен Ресей премьерлері коронавирусқа қарсы күрес мәселелерін талқылады

Тараптар телефон арқылы әңгімелесті. Үкімет басшылары екі мемлекет арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың мәселелерін талқылады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 8 сәуір – Sputnik. Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин мен Ресей үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин телефон арқылы сөйлесті.

"Үкімет басшылары Ресей-Қазақстан сауда-экономикалық ынтымақтастығы, өнеркәсіп пен энергетика саласындағы бірлескен жобалар, сондай-ақ коронавирус инфекциясына қарсы іс-қимыл мәселелерін талқылады", - делінген Ресей үкіметінің сайтында.

Оқи отырыңыз: Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 2024 жылға қарай 40%-ке артады

Сонымен қатар екі елдің премьер-министрлері Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы интеграциялық өзара іс-қимыл тақырыбын талқылады.