НҰР-СҰЛТАН, 8 сәуір – Sputnik. Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин мен Ресей үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин телефон арқылы сөйлесті.
"Үкімет басшылары Ресей-Қазақстан сауда-экономикалық ынтымақтастығы, өнеркәсіп пен энергетика саласындағы бірлескен жобалар, сондай-ақ коронавирус инфекциясына қарсы іс-қимыл мәселелерін талқылады", - делінген Ресей үкіметінің сайтында.
Оқи отырыңыз: Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 2024 жылға қарай 40%-ке артады
Сонымен қатар екі елдің премьер-министрлері Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы интеграциялық өзара іс-қимыл тақырыбын талқылады.