Фото

Еліміздің жер қойнауындағы байлық қоры қалай зерттелді – фото

Sputnik

Бұл мейрамның тарихы Кеңес Одағы кезінен бері жалғасып келеді. Алғаш рет геологтар күні 1966 жылдың наурызында мерекелер күнтізбесіне "елдің минералды-шикізат базасын құрудағы кеңестік геологтардың еңбегін еске алу үшін" енгізілді.

Пайдалы қазбаларды іздеу, барлау және өндіру – күрделі іс. Геология ғылымындағы жетістіктер, ұзақ мерзімді қарқынды барлау, жаңа мұнай және газ кен орындарын ашу - мұның бәрі геологтардың ерен еңбегі.

Оқи отырыңыз: "Халқым менен де биік": Әйгілі ғалым Қаныш Сәтбаев туралы не білеміз?

Сондықтан тәуелсіз Қазақстанда қиындық пен қауіп-қатерге әрі романтикаға толы мамандық иелерінің мерекесін атап өту дәстүрі қайта жанданғаны көңілге сенім ұялатады.

Кез келген мемлекет экономикасын дамытудың материалдық негізі - қазба байлықтар. Қазақстанда минералды-шикізаттық кешеннің едәуір қоры бар. Мемлекеттік баланста минералды шикізаттың 102 түрі, оның ішінде қатты пайдалы қазбалардың 40 түрі бойынша қор жинақталған.

1 / 14
Қазақ КСР ғылым академиясының геологиялық ғылымдар институты. Академик Қаныш Сәтбаев бір топ қызметкерлермен Үлкен Алматы каналының картасы жанында, 1960 жыл.
2 / 14
Маңғышлақ түбегіне геологиялық экспедиция, 1970 жыл.
3 / 14
Жұмысшы Мырғалымсай полиметалл кен орнының "Глубокий" кенішінде бұрғылау жұмыстарын жүргізуде, 1972 жыл.
4 / 14
Су көздерін барлау барысындағы геологтар. Маңғышлақ түбегі, 1986 жыл.
5 / 14
КСРО ұшқыш-ғарышкері, екі мәрте Кеңес Одағының батыры, техника ғылымдарының кандидаты Валентин Лебедев (сол жақта) "Аэрогеология" өндірістік бірлестігінің геологиялық партиясының жетекшісі Владимир Гусев (ортасында) және инженер-геофизик Николай Сизыхпен (оң жақта) Үстірт жазығындағы қызғылт шөгінділерді зерттеуде, 1983 жыл.
6 / 14
Көмір өндіру. Екібастұз көмір кеніші, 1974 жыл.
7 / 14
Жұмысшылар Қаламқас мұнай кен орнында барлау-бұрғылау жұмыстарын жүргізуде, 1982 жыл.
8 / 14
Сарыбай кен орнында темір рудаларын игеру, 1980 жыл. Қостанай облысы, Рудный қаласы, Соколов-Сарыбай кен байыту комбинаты.
9 / 14
Ащысай полиметалл кен орнын игеру. Кенжарда орналасқан тау жыныстарын механикалық бұрғылауға арналған күймешедегі кенші, 1967 жыл.
10 / 14
Мұнай бұрғылау қондырғылары Каспий теңізінің солтүстігі мен шығысының ажырамас бөлігіне айналды. Үстірт жазығы мен шетсіз-шексіз қазақ даласында мұнай мен газдың жаңа кен орындары қарқынды іздестірілуде, 1986 жыл.
11 / 14
Өзен мұнай кен орны. Маңғышлақ түбегі, 1982 жыл.
12 / 14
"Богатырь" көмір кенішіндегі роторлы экскаватор. Екібастұз көмір кен орны. Павлодар облысы, 1977 жыл.
13 / 14
Зырян қорғасын комбинатының жұмысшылары қорғасын кенін өндіруде, 1989 жыл.
14 / 14
Бетпақдала шөлінде геологиялық барлау экспедициясы мұнай іздеуде, 1972 жыл.