Бұл мейрамның тарихы Кеңес Одағы кезінен бері жалғасып келеді. Алғаш рет геологтар күні 1966 жылдың наурызында мерекелер күнтізбесіне "елдің минералды-шикізат базасын құрудағы кеңестік геологтардың еңбегін еске алу үшін" енгізілді.
Пайдалы қазбаларды іздеу, барлау және өндіру – күрделі іс. Геология ғылымындағы жетістіктер, ұзақ мерзімді қарқынды барлау, жаңа мұнай және газ кен орындарын ашу - мұның бәрі геологтардың ерен еңбегі.
Оқи отырыңыз: "Халқым менен де биік": Әйгілі ғалым Қаныш Сәтбаев туралы не білеміз?
Сондықтан тәуелсіз Қазақстанда қиындық пен қауіп-қатерге әрі романтикаға толы мамандық иелерінің мерекесін атап өту дәстүрі қайта жанданғаны көңілге сенім ұялатады.
Кез келген мемлекет экономикасын дамытудың материалдық негізі - қазба байлықтар. Қазақстанда минералды-шикізаттық кешеннің едәуір қоры бар. Мемлекеттік баланста минералды шикізаттың 102 түрі, оның ішінде қатты пайдалы қазбалардың 40 түрі бойынша қор жинақталған.













