Қоғам

Танымал тележүргізуші үшінші сәбиін дүниеге әкелді

Айгүл Мүкей – қазақстандық журналист, актриса, тележүргізуші әрі Журналистика академиясының академигі
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 7 сәуір – Sputnik. Танымал тележүргізуші Айгүл Мүкей үшінші перзентін дүниеге әкелді. Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

Оның Асанәлі есімді ұлы мен Хабиба есімді қызы өсіп келеді.

"Ұлды болдым, Аллаға шүкір. Бүгін сағат 12.19-да дүниеге тағы бір батыр келді. Қара торы, шыдамды, әжесі сияқты", – деп жазды ол.

Желі оқырмандары тележүргізушінің қуанышына ортақтасып, құттықтаған.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда бала туудан қай өңір көш бастап тұр

Айгүл Мүкей – қазақстандық журналист, актриса, тележүргізуші. Қазақстан Республикасы Журналистика академиясының академигі.