НҰР-СҰЛТАН, 7 сәуір – Sputnik. Танымал тележүргізуші Айгүл Мүкей үшінші перзентін дүниеге әкелді. Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Оның Асанәлі есімді ұлы мен Хабиба есімді қызы өсіп келеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Ұлды болдым, Аллаға шүкір. Бүгін сағат 12.19-да дүниеге тағы бір батыр келді. Қара торы, шыдамды, әжесі сияқты", – деп жазды ол.
Желі оқырмандары тележүргізушінің қуанышына ортақтасып, құттықтаған.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда бала туудан қай өңір көш бастап тұр
Айгүл Мүкей – қазақстандық журналист, актриса, тележүргізуші. Қазақстан Республикасы Журналистика академиясының академигі.