Оқиға

Көкшетауда үш көлік соқтығысып, бір адам көз жұмды

Қайғылы оқиға туралы куәгерлердің әлеуметтік желілерде таратқан фотосынан кейін белгілі болды
Sputnik

АЛМАТЫ, 7 сәуір – Sputnik. Көкшетау орталығында үш автокөлік соқтығысты. Бір көліктің ішінде болған жолаушы оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қайғылы оқиға туралы куәгерлердің әлеуметтік желілерде таратқан фотосынан кейін белгілі болды. Кейіннен Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл деректі растады. 

"6 сәуір сағат 22.00 шамасында Көкшетауда Назарбаев даңғылында Nissan, Lada және Golf маркалы көліктің қатысуымен жол апаты болды. Апат салдарынан Lada жолаушысы оқиға орнында көз жұмды", – деді Ақмола облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнар Пинчук.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында көлік жылқыны соғып, үш адам ажал құшты

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.