Саясат

Тоқаев бірқатар ауыс-түйіс жасады

Ержан Ашықбаев сыртқы істер министрінің орынбасары қызметінен босатылса, Берік Шолпанқұлов Ұлттық банкке келді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 5 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар жарлық пен өкімге қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

Президенттің жарлығымен Ержан Ашықбаев Қазақстанның АҚШ-тағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды. Ол мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды.

Сондай-ақ, Тоқаевтың өкімімен Ақан Рахметуллин Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды. Бұған дейін ол Қазақстанның Пәкістан Ислам Республикасындағы елшісі қызметін атқарған еді.

Бұдан бөлек, мемлекет басшысы Дина Ғалиеваны Ұлттық банк төрағасының орынбасары лауазымынан босатты.

Тағы оқыңыз: Тоқаев өзінің арнаулы өкілін тағайындады

Оның орнына Ұлттық банк төрағасының орынбасары қызметіне Берік Шолпанқұлов тағайындалды.

2019 жылдың наурызынан Шолпанқұлов қаржы министрінің бірінші орынбасары қызметін атқарды.