НҰР-СҰЛТАН, 5 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.
Тоқаевтың жарлығымен Қазақстан президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі лауазымына Ержан Қазыханов тағайындалды. Ол Қазақстанның АҚШ-тағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылды.
Құжатқа сәйкес, Қазақстан президентiнiң халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі мемлекеттік саяси қызметшi болып табылады.
Арнаулы өкіл Қазақстан президентiне есеп бередi.
Оның негiзгi мiндеттерi:
- саяси, экономикалық, гуманитарлық және экологиялық салаларда халықаралық байланыстарды жолға қою;
- Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі бағыттарын және президент бастамаларын ілгерілетуді қамтамасыз ету.