Қоғам

Қазақстанда арақтың ең төменгі бағасы белгіленді

Қазақстанда арақ немесе кез-келген арақ-шарап өнімдерінің бір литрі шамамен 2 мың теңге болады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 5 сәуір – Sputnik. Қазақстанда арақ пен ликер-арақ өнімдерінің бөлшек саудасы үшін ең арзан баға бекітілді. Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин сәйкес қаулыға қол қойды.

Құжатқа сәйкес Қазақстан Республикасының үкіметі арақ және ащы ликер-арақ өнімдерінің 1 литрі үшін 1 980 теңге көлемінде ең аз бөлшек сауда бағасын орнату туралы қаулы етеді.

Оқи отырыңыз: Шымкентте 25 тонна жасанды алкоголь өнімі тәркіленді

Қаулыға 31 наурызда қол қойылды және құжат ресми түрде жарияланған алғашқы күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң, яғни 10 сәуірде күшіне енеді.