НҰР-СҰЛТАН, 4 сәуір – Sputnik. COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия "қызыл" аймақ туралы жаңа мәліметті жариялады.
2021 жылдың 4 сәуіріндегі ақпарат бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы:
- "Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау, Ақтөбе, Алматы және Батыс Қазақстан облыстары.
- "Сары" аймақта: Шымкент қаласы, Ақмола және Қарағанды облыстары.
- "Жасыл" аймақта – қалған өңірлер.
Айта кетейік, өткен тәулікте Қазақстанда 2054 адам коронавирус жұқтырғаны анықталды, оның ішінде Алматыда 572, Нұр-Сұлтанда 476 науқас тіркелді.