Қоғам

COVID-19: Қазақстанда 9 өңір "қызыл" және "сары" аймаққа кірді

© REUTERS / MAXIM SHEMETOVМедсестра у постели пациентки в больнице с коронавирусом
Медсестра у постели пациентки в больнице с коронавирусом  - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.04.2021
Жазылу
Өткен тәулікте Қазақстанда 2054 адам коронавирус жұқтырғаны анықталды, оның ішінде Алматыда 572, Нұр-Сұлтанда 476 науқас тіркелді

НҰР-СҰЛТАН, 4 сәуір – Sputnik. COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия "қызыл" аймақ туралы жаңа мәліметті жариялады.

2021 жылдың 4 сәуіріндегі ақпарат бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы:

  • "Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау, Ақтөбе, Алматы және Батыс Қазақстан облыстары.
  • "Сары" аймақта: Шымкент қаласы, Ақмола және Қарағанды ​​облыстары.
  • "Жасыл" аймақта – қалған өңірлер.

Айта кетейік, өткен тәулікте Қазақстанда 2054 адам коронавирус жұқтырғаны анықталды, оның ішінде Алматыда 572, Нұр-Сұлтанда 476 науқас тіркелді.  

Жаңалықтар
0