Өңірлер

Қазақстанның тоғыз өңірінде дабылды ескерту жарияланды

Синоптиктер ертең республиканың бірқатар өңірінде тұман түсіп, қатты жел соғады деп болжап отыр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 3 сәуір - Sputnik. Қазақстанның тоғыз өңірінде дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ақтөбе облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы - 16 м/с шамасында.

Түркістан облысында жауын-шашын түседі. Кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін, соққан желдің жылдамдығы секундына 28 метрге дейін жетеді.

Шымкентте қатты жауын-шашын болады. Күндіз найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Қызылорда облысында найзағай ойнайды. Жел секундына 15-20 метрге жетеді.

Маңғыстау облысында шаңды дауыл күтілуде. Батыс, солтүстік-батыстан жел соғып, күндіз секундына 15-20 метрге жетеді.

Ақмола облысында тұман түсіп, желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді деп болжанып отыр.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метр болады.

Қостанай облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел соғады.

Қарағанды облысында кей жерлерде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.