Қоғам

Қытаймен шекарадағы "Нұр жолы" өткізу бекеті уақытша жабылады

"Цинмин" мейрамы тойланатын күні азаматтар, жүк және көлік құралдары мемлекеттік шекара арқылы өткізілмейді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 2 сәуір — Sputnik. Қытаймен шекарадағы "Нұр жолы" бақылау-өткізу бекеті 2021 жылдың 4 сәуірі күні жұмыс істемейді.  

"Шектеу Қытай Халық Республикасында "Цинмин" мейрамының тойлануына байланысты енгізілді", - деп хабарлады Қазақстан қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, сол күні азаматтар, көлік құралдары және жүк мемлекеттік шекара арқылы өткізілмейді.

Оқи отырыңыз: Енді Қазақстан шекарасында ұзын-сонар кезек болмайды 

Министрлік тасымалдаушылардан және шекарадан өтуді ойлаған барлық азаматқа шектеу шараларын ескере отырып, өз бағдарларын алдын ала жоспарлауды сұрайды.