НҰР-СҰЛТАН, 2 сәуір — Sputnik. Қытаймен шекарадағы "Нұр жолы" бақылау-өткізу бекеті 2021 жылдың 4 сәуірі күні жұмыс істемейді.
"Шектеу Қытай Халық Республикасында "Цинмин" мейрамының тойлануына байланысты енгізілді", - деп хабарлады Қазақстан қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.
Атап айтқанда, сол күні азаматтар, көлік құралдары және жүк мемлекеттік шекара арқылы өткізілмейді.
Оқи отырыңыз: Енді Қазақстан шекарасында ұзын-сонар кезек болмайды
Министрлік тасымалдаушылардан және шекарадан өтуді ойлаған барлық азаматқа шектеу шараларын ескере отырып, өз бағдарларын алдын ала жоспарлауды сұрайды.