Фото

Ever Given кемесі Суэц каналындағы қайраңнан қалай шығарылды – фото

Sputnik

Теңіз қызметтерін жабдықтаушы Inchcape Shipping мәлімдемесіне сәйкес, Суэц каналындағы кемелер қозғалысын тұралатқан Ever Given кемесі қайраңнан шығарылды.

Алайда, бұл учаскедегі су көлігінің қозғалысы қашан қайта жанданатыны белгісіз.

Қазіргі уақытта бес жүзге жуық кеме кезек күтіп тұр.

Сарапшылардың айтуынша, Ever Given кемесінің кептелісінен әлем экономикасы күніне он миллиард доллар зиян шекті.

Суэц каналы – әлемдегі кеме көп өтетін теңіз сауда жолының бірі. Каналдың ұзындығы – 160 шақырым, ені – 250 метр. Ал тереңдігі – 20 метр.

Оқи отырыңыз: Суэц каналындағы кептеліс: Ever Given кемесі әлемдік экономиканы қалай тоқтатты

Ол Жерорта мен Қызыл теңізді байланыстыратын канал арқылы кемелер Африка құрлығын айналмай-ақ, Еуропа мен Азия арасында қатынайды.

Ұзындығы 400 метр болатын контейнер тасымалдаушы Ever Given кемесі 24 наурыз күні Суэц каналының қайраңына шығып қалды. Бұл жүктемесі жоғары әлемдік теңіз сауда жолындағы қозғалысты тоқтатып тастады.

Кеме Қытайдан Нидерландыға қарай бет алған болатын.

Ever Given кемесін қайраңнан шығару қалай жүргізілгенін Sputnik-тің суреттер топтамасынан көріңіз.

1 / 12
Суэц каналынан өту үшін кезек күтіп тұрған кемелер. Ұзындығы 400 метр және жүк көтеруі шамамен 224 мың тонна болатын контейнер тасымалдаушы Ever Given кемесі Қытайдан Нидерландыға жол тартқан. Ол арнаның 151-ші километрінде қайраңға тіреліп, тұтас қозғалысты бұғаттап тастады.
2 / 12
Контейнер тасымалдаушы көлікті қайраңнан шығарудың алғашқы әрекеті сәтсіз аяқталды. Алайда, кезекті талпыныс оң нәтиже берді.
3 / 12
Суретте: Суэц каналындағы ішінара босатылған Ever Given кемесі.
4 / 12
Ever Given кемесі Суэц каналының 151-ші шақырымында қайраңға шығып қалды.
5 / 12
Ever Given кемесі кептелгендіктен, 450-ден астам кеме канал арқылы өту кезегін күтуге мәжбүр болды.
6 / 12
Суретте: Суэц арнасының 151-ші километрінде қайраңға тірелген Ever Given контейнер тасымалдаушы жанындағы буксир.
7 / 12
Суэц каналы – әлемдегі кеме көп өтетін теңіз сауда жолының бірі.
8 / 12
2019 жылы бұл канал арқылы 19 мың кеме 1,25 миллиард тонна жүк алып өткен. Бұл әлем саудасының 13 процентіне тең.
9 / 12
Суэц каналындағы тосын оқиға мұнай бағасына да әсер етті.
10 / 12
Әлемдегі мұнай бағасы жұма күні күрт өсті. Себебі, Суэц каналындағы жағдай шикізат жеткізуге кері әсер етеді деген күдік туындады.
11 / 12
Суретте: Суэц каналында кезек күтіп тұрған кемелердің жалпы көрінісі.
12 / 12
Ever Given кемесінің кептелісінен әлем экономикасы күніне он миллиард доллар зиян шекті.