Саясат

Бүгін мемлекет басшысы бейнеүндеу жасайды

Мемлекет басшысы сөз сөзлейтін халықаралық ауқымдағы шараны БҰҰ-ның веб-сайты арқылы тікелей эфирде тамашалауға болады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз – Sputnik. Бүгін Нұр-Сұлтан уақыты бойынша шамамен 21:30-да президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Халықаралық қарыз архитектурасы және өтімділік" атты жоғары деңгейдегі жиында бейнеүндеу жасайды.

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook-тегі парақөшасында жазды.

"Мемлекет және үкімет басшылары деңгейіндегі онлайн форумды өткізуге БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш пен Канада премьер-министрі Джастин Трюдо және Ямайканың премьер-министрі Эндрю Холнесс мұрындық болды", – делінген хабарламада.

Ал жиынды БҰҰ-ның веб-сайты арқылы тікелей эфирде тамашалауға болады.

Оқи отырыңыз: Қытайда ұсталған 90 жастағы қазақ әжей бейнеүндеу жариялады