НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз – Sputnik. Бүгін Нұр-Сұлтан уақыты бойынша шамамен 21:30-да президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Халықаралық қарыз архитектурасы және өтімділік" атты жоғары деңгейдегі жиында бейнеүндеу жасайды.
Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook-тегі парақөшасында жазды.
"Мемлекет және үкімет басшылары деңгейіндегі онлайн форумды өткізуге БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш пен Канада премьер-министрі Джастин Трюдо және Ямайканың премьер-министрі Эндрю Холнесс мұрындық болды", – делінген хабарламада.
Ал жиынды БҰҰ-ның веб-сайты арқылы тікелей эфирде тамашалауға болады.