Қоғам

Денсаулық министрлігі коронавирустың "қызыл" аймағына қатысты ақпарат жариялады

Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастардың саны күн санап артып келеді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 28 наурыз – Sputnik. Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі елдегі эпидемиологиялық жағдай туралы жаңа деректерді жариялады.

28 наурыздағы мәлімет бойынша төрт өңір "қызыл" аймақта қалған.

"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары.

"Сары" аймақта: Ақтөбе, Алматы және Қарағанды ​​облыстары.

"Жасыл" аймақта: қалған өңірлер.

Коронавирус статистикасы жаңарды: Алматыда індет өршіп барады 

Денсаулық сақтау министрлігі бұған дейін COVID-19 жұқтырған науқастардың саны күн санап артып жатқан өңірлердің арасында Нұр-Сұлтан мен Алматы көш бастап тұрғанын хабарлады.