Қоғам

Коронавирус статистикасы жаңарды: Алматыда індет өршіп барады

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтуВрач с пациентом в больнице с коронавирусом
Врач с пациентом в больнице с коронавирусом  - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.03.2021
Жазылу
Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастардың саны жағынан көш бастап тұр

НҰР-СҰЛТАН, 28 наурыз – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 1596 адамнан коронавирус инфекциясы табылды, оның 500-ден астамы Алматы қаласында анықталды, деп хабарлады COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Өңірлер бойынша статистика:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 382,
  • Алматы қаласы - 510,
  • Шымкент қаласы - 40,
  • Ақмола облысы - 46,
  • Ақтөбе облысы - 62,
  • Алматы облысы - 110,
  • Атырау облысы - 81,
  • Шығыс Қазақстан облысы - 39,
  • Жамбыл облысы - 14,
  • Батыс Қазақстан облысы - 98,
  • Қарағанды облысы - 80,
  • Қостанай облысы - 40,
  • Қызылорда облысы - 11,
  • Маңғыстау облысы - 5,
  • Павлодар облысы - 53,
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 19,
  • Түркістан облысы - 6.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 240 381.

Бір күн бұрын 1485, оның ішінде Алматыда 450 науқас тіркелген болатын.

Алматыда қатаң карантин шаралары 12 сәуірге дейін ұзартылды. Мектептер, колледждер мен жоғары оқу орындары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.

Сауда және ойын-сауық орталықтары, азық-түлікке жатпайтын базарлар, кинотеатрлар, театрлар, музейлер, кітапханалар, сауналар, спа орталықтар, фитнес орталықтар бұрынғыша жабық болады. Азық-түлік базарлары жұмыс күндері таңғы 6-дан кешкі 5-ке дейін ғана жұмыс істей алады.

Дәмханалар мен мейрамханалар жұмысты алып кету және жеткізіп беру тәртібімен жалғастырады.

Рамазан айында көпшілікті жинап ауызашар беруге және жамағатпен намаз оқуға тыйым салынады.

Жаңалықтар
0