НҰР-СҰЛТАН, 26 наурыз – Sputnik. Алматыда мониторингтік топ рейд кезінде мекемелердің бірінде 80 адамның қатысуымен өткен жиынның үстінен түсті. анықталды.
"Адамдар арасында әнші Қайрат Нұртас та болды. Ол әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтыру үшін бәрімен бірге полиция басқармасына жеткізілді", - делінген қалалық әкімдік таратқан ақпаратта.
Барлық адамдарға 30 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі (1 АЕК – 2 917 теңге) айыппұл салынғаны хабарланып отыр. 87 500 теңге айыппұл төлеуге міндеттелді.
Желіде тараған видео
Желіде тараған видеода қазақстандық әншілердің мекемеден асығыс шығып кетуге тырысқан сәті түсірілген. Мейрамхана Медеу ауданында орналасқан. Мониторингтік топ карантинге қарамастан жұмыс істеп тұрған мейрамханаға тексеріспен барған. Алайда мекеме басшылығы есікті үш сағат бойы ашпапты. Терезелерін жарық көрінбейтіндей етіп қараңғылап тастаған. Амалы қалмаған топ мүшелері электр мамандарын шақырып, жарық жүйесін кесіп тастады.