Қоғам

Шу тудырған видео: Қайрат Нұртас айыппұл төлейді

© Photo : Официальный сайт Кайрата Нуртаса Архивное фото Кайрата Нуртаса
Архивное фото Кайрата Нуртаса - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.03.2021
Жазылу
Желіде тараған видеода қазақстандық әншілердің мекемеден асығыс шығып кетуге тырысқан сәті түсірілген

НҰР-СҰЛТАН, 26 наурыз – Sputnik. Алматыда мониторингтік топ рейд кезінде мекемелердің бірінде 80 адамның қатысуымен өткен жиынның үстінен түсті. анықталды.

"Адамдар арасында әнші Қайрат Нұртас та болды. Ол әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтыру үшін бәрімен бірге полиция басқармасына жеткізілді", - делінген қалалық әкімдік таратқан ақпаратта.

Барлық адамдарға 30 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі (1 АЕК – 2 917 теңге) айыппұл салынғаны хабарланып отыр. 87 500 теңге айыппұл төлеуге міндеттелді.

Желіде тараған видео

Желіде тараған видеода қазақстандық әншілердің мекемеден асығыс шығып кетуге тырысқан сәті түсірілген. Мейрамхана Медеу ауданында орналасқан. Мониторингтік топ карантинге қарамастан жұмыс істеп тұрған мейрамханаға тексеріспен барған. Алайда мекеме басшылығы есікті үш сағат бойы ашпапты. Терезелерін жарық көрінбейтіндей етіп қараңғылап тастаған. Амалы қалмаған топ мүшелері электр мамандарын шақырып, жарық жүйесін кесіп тастады.

Қайрат Нұртас болған оқиғаға қатысты түсініктеме берді. 

"Ассалаумағалейкум! Не әңгіме? Қашты дей ме? Алматыда жүрміз. Кеше бір ағамыздың туған күніне барып едік. Дәл мені ұстағысы келді ме, білмеймін. Маған қарап қалды ма? Бірақ Алланың көзі түзу болсын. Құдай бар ғой. Жақсылық болсын!"- деді Нұртас Instagram парақшасында.

Жаңалықтар
0