Қоғам

Шұжықты кімдерге жеуге болмайды – дәрігер кеңесі

Шикі ысталған шұжықта майдың мөлшері көп болады. Сондай-ақ оның құрамында тұз бен дәмдеуіштер жоғары, деп түсіндірді диетолог
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 26 наурыз — Sputnik. Диетолог дәрігер, нутрициолог, Ресейдің ұлттық диетологтар қауымдастығының мүшесі Анна Белоусова Sputnik радиосына берген сұқбатында шұжық кейбіреулер үшін қауіпті болуы мүмкін екенін айтты.

Шикі ысталған шұжықта майдың мөлшері көп болады. Әдетте 30%-тен 44%-ке дейін, сондай-ақ оның құрамында тұз бен дәмдеуіштер жоғары, деп түсіндірді диетолог.

"Бұл мерекеге арналған жеңсік ас, күнде жеуге арналмаған. Күн сайын жейтін болсаңыз, қан қысымы мен бүйрек проблемасы басталады. Әсіресе, жүрек ауруына шалдыққандар, гипертониялық науқастар, бүйрек патологиясы бар адамдар мен тері проблемасы бар жасөспірімдер шұжықтан бас тартқаны жөн", - деді диетолог.

Ол сондай-ақ пісірілген шұжық еттің орнын алмастыра алмайтынын жеткізді. Мемлекеттік стандарт бойынша шұжықта таза ет болмауы мүмкін, болған жағдайда ондағы бұлшықет талшығы өте аз, 8% құрайды, дейді маман.

"Техникалық талап бойынша жасалған шұжықта одан да аз болуы мүмкін. Ондағы май құрамы 22%-тен басталады. Міндетті түрде дәмдеуіш қосылады. Соя тұздығы қосылған шұжық пайдалырақ. Шұжықтың түсі қызғылт көрінуі үшін міндетті түрде крахмал болады", - деп қосты Анна Белоусова.

Оқи отырыңыз: "Асқазанның қатерлі ісігі пайда болады": танымал дәрігер қауіпті өнімді атады

Шұжыққа түрлі тағамдық бояғыш қосылатыны да жасырын емес, қосылмаса шұжықтың түсі қайнап піскен ет тәрізді сұрғылт болады. Диетолог мұндай шұжықтың сатылымда бар екенін және оның сапасын анықтаудың оңай тәсілін бөлісті.

"Шұжықтан бір тілім кесіп, кесілген жеріндегі түске назар аударыңыз. Кесіп алған шұжық сұр болса, ескіргені. Егер кесілген жері сұр болса, дұрыс пісірілген", - дейді маман.  

Дәрігердің айтуынша, қайнатылған сапалы шұжықты өзіміз де дайындай аламыз. Ол үшін етке сірке суын қосып, тұзды ерітіндіге салып баяу отта кем дегенде төрт сағат пісіру қажет. Қайнатылған ет дайын болғаннан кейін, ет тартқыштан өткізіп, пішін береміз. Етке қызылша шырынын қосып қызғылт түске бояуға да болады.