Жапонияда биыл шие ағаштары өте ерте гүлдеді. Мұндай жағдай ХХІ ғасырда алғаш рет болып отыр.
Ең бірінші сакура бір апта бұрын – 11 наурызда Хиросима префектурасында гүлдеді. Бұл әдеттегіден екі апта ерте.
Жапон шиесінің бұл гүлдеуінің шарықтау шегі 22 наурызда болып, көктем иісіне толы керемет кезең бір аптаға, яғни 29 наурызға дейін созылады.
Оқи отырыңыз: "Грэмми – 2021" сыйлығын табыстау рәсімі қалай өтті – фото
Сакура гүлі – Күншығыс елінің бейресми символы. Алқызыл түске көмкерілген бұл тамаша көріністің куәсі болу үшін жыл сайын мыңдаған турист Жапонияға қарай ағылады. Гүл жамылған теңдессіз шақты суреттер топтамасынан тамашалаңыз.