НҰР-СҰЛТАН, 21 наурыз – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 1 171 адам коронавирус жұқтырды.
Алматыда коронавирусқа шалдыққандар саны күрт өскендіктен, шұғыл шаралар қабылданды. Мегаполисте карантин қатаңдатылды.
Қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің қаулысына сәйкес, 21-28 наурыз аралығында сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, азық-түлік емес базарлар, сұлулық салондары, маникюр, педикюр жасау, косметологиялық қызмет жұмысына тыйым салынды.
Шектеу ұзартылуы мүмкін екені айтылып отыр.
Аймақтар бойынша:
- Нұр-Сұлтан қаласы - 237,
- Алматы қаласы - 353,
- Шымкент қаласы - 15,
- Ақмола облысы - 49,
- Ақтөбе облысы - 37,
- Алматы облысы - 94,
- Атырау облысы - 45,
- Шығыс Қазақстан облысы - 25,
- Жамбыл облысы - 19,
- Батыс Қазақстан облысы - 87,
- Қарағанды облысы - 75,
- Қостанай облысы - 43,
- Қызылорда облысы - 4,
- Маңғыстау облысы - 18,
- Павлодар облысы - 40,
- Солтүстік Қазақстан облысы - 25,
- Түркістан облысы - 5.
Жалпы пандемия басталғалы ауырғандар саны 231 698.