Қоғам

Алматы мен Нұр-Сұлтанда COVID-19 жұқтырғандар көп тіркелді

© Sputnik / Тимур БатыршинМашину скорой помощи после сдачи больного полностью обрабатывают дезинфицирующими средствами
Машину скорой помощи после сдачи больного полностью обрабатывают дезинфицирующими средствами - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.03.2021
Жазылу
Алматыда коронавирусқа шалдыққандар саны күрт өскендіктен, шұғыл шаралар қабылданды. Мегаполисте карантин қатаңдатылды

НҰР-СҰЛТАН, 21 наурыз – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 1 171 адам коронавирус жұқтырды.

Алматыда коронавирусқа шалдыққандар саны күрт өскендіктен, шұғыл шаралар қабылданды. Мегаполисте карантин қатаңдатылды.

Қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің қаулысына сәйкес, 21-28 наурыз аралығында сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, азық-түлік емес базарлар, сұлулық салондары, маникюр, педикюр жасау, косметологиялық қызмет жұмысына тыйым салынды.

Шектеу ұзартылуы мүмкін екені айтылып отыр.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 237,
  • Алматы қаласы - 353,
  • Шымкент қаласы - 15,
  • Ақмола облысы - 49,
  • Ақтөбе облысы - 37,
  • Алматы облысы - 94,
  • Атырау облысы - 45,
  • Шығыс Қазақстан облысы - 25,
  • Жамбыл облысы - 19,
  • Батыс Қазақстан облысы - 87,
  • Қарағанды облысы - 75,
  • Қостанай облысы - 43,
  • Қызылорда облысы - 4,
  • Маңғыстау облысы - 18,
  • Павлодар облысы - 40,
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 25,
  • Түркістан облысы - 5.

Жалпы  пандемия басталғалы ауырғандар саны 231 698.

Жаңалықтар
0