Өңірлер

Өскемен әкімі неге айыппұлдың жартысын төлегені белгілі болды

Айыппұл бір апта ішінде төленген жағдайда 50% жеңілдік жасалады, деп түсіндірді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 16 наурыз – Sputnik. Шығыс Қазақстан облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қызметкерлері Өскемен әкімінің айыппұлды қалай төлегенін айтты, деп хабарлады Алтайньюс.

Батыс Қазақстанда ұлына ұлан-асыр той жасаған әкім қызметінен кететін болды
Бұған дейін Жақсылық Омар қоғамдық орында маска тақпағаны үшін айыпталған еді.

Департаменттің мәлімдеуінше, оған жеке тұлға ретінде 30 АЕК (87 510 теңге) көлемінде айыппұл салынған. Ал қала әкімі 43 755 теңге (15 АЕК) төледі.

"Айыппұл бір апта ішінде төленген жағдайда 50% жеңілдік жасалады", – деп түсіндірді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.