Өңірлер

Батыс Қазақстанда ұлына ұлан-асыр той жасаған әкім қызметінен кететін болды

© Sputnik / Владислав ВодневПортфель ұстаған шенеунік
Портфель ұстаған шенеунік  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шенеунік карантиндік шектеулерге қарамастан ұлының үйлену тойын жасап бергені үшін жұмысынан айырылды, сондай-ақ, оған айыппұл салынды

НҰР-СҰЛТАН, 3 қараша – Sputnik. Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Ақжол ауылдық округінің әкімі Татжан Өтемісов пандемия кезінде ұлына ұлан-асыр үйлену тойын жасағаны үшін қызметінен кетеді, деп хабарлайды "Мой город" порталы.

3 қараша күні COVID-19-дың таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысы өтті.

Жиын барысында БҚО әкімі Ғали Есқалиев Ақжайық ауданына қарасты Ақжол ауылдық округінің әкімі Татжан Өтемісовтың ұлына той жасағаны расталып-расталмағанын сұрады. Әкім аппаратының басшысы Берік Батаев ауыл әкімі 9 қазаннан 9 қарашаға дейін кезекті еңбек демалысында жүргенін мәлімдеді.

"Бұл фактіге қатысты тексеріс жүргізілді. Татжан Өтемісов 9 қарашаға дейін еңбек демалысында. 10 қарашадан бастап ол қызметінен босатылады. Бұған қоса карантиндік шектеулерді бұзғаны үшін Өтемісовке қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, 41 мың теңге айыппұл салынды", -деді Батаев.

Басылым ауыл әкімі 10 қарашада мемлекеттік қызметтен кететінін атап өтті.

Еске салсақ, үйлену тойында түсірілген видео Instagram-да жарияланды. Артынан оны алып тастаған. Алайда адамдар әлеуметтік желідегі видеоны ұялы телефонға жазып алып, бұқаралық ақпарат құралдарына жіберді.

Той Орал қаласындағы мейрамханалардың бірінде өткен. Видеоны жолдаған адамдардың айтуынша, той иесі – Ақжайық ауданы Ақжол ауылдық округінің әкімі. Шенеуніктің өзі бұған қатысты түсініктеме берген жоқ. Өңір басшысы Ғали Есқалиев Өтемісовке қатысты тиісті шара қабылдауды тапсырды.

Жаңалықтар
0