Елорда тынысы

Мереке күндері елордада қоғамдық көлік жүре ме?

Қаланың мемлекеттік бас санитар дәрігерінің бұйрығына сәйкес, қоғамдық көліктер бір күнге – 21 наурызда ғана тоқтатылады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 18 наурыз – Sputnik. Елордада мерекелік демалыс күндері 22-24 наурыз аралығында (21 наурыздан басқа) қоғамдық көліктер әдеттегідей жұмыс істейді, деп хабарлады астаналық CTS көлік компаниясы.

"Осы жексенбі, 21 наурызда қаланың мемлекеттік бас санитар дәрігерінің бұйрығына сәйкес қалалық және қала маңындағы маршруттардың қозғалысы бір күнге тоқтатылады", – делінген компания хабарласында.

Басқа күндері сенбі, 20 наурызды қоса алғанда, қалалық және қала маңындағы маршруттар әдеттегідей жүреді.

Көлік компаниясы жолаушыларды маска режимін сақтауға шақырды және жолақысын төлеу қолма-қол ақшасыз жүргізілетіндігін ескертеді.

Оқи отырыңыз: Коронавирус өршісе, қалалар карантинге жабыла ма – министрлік жауабы

Айта кетейік, наурыздың 21-і, жексенбіде Нұр-Сұлтанда локдаун жариялануына байланысты қоғамдық көліктер жүрмейді. Бұл күні сауда ойын-сауық орталықтары мен сауда кешендері, сондай-ақ кинотеатрлар да жабық болады.