НҰР-СҰЛТАН, 17 наурыз – Sputnik. Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігі Ресей аумағына Германиядан жеткізілген картопқа қатысты оқиғаны тексеріп жатыр, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлағандай, алдын ала тексеру жұмыстары 60 тонна картопқа арналған фитосанитарлық сертификат Кедендік одақ пен ЕАЭО нормаларын қатаң сақтай отырып берілгенін көрсетті. Алайда көкөніс нақты қай елде өсірілгені туралы мәлімет жоқ.
"ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитеті анықтағандай, 2 наурыз күні Ақтөбе облыстық аймақтық инспекциясы Ресей Федерациясындағы "РусЕвроплант" АҚ мекенжайына 60 тонна картоп жеткізу үшін "KazEuroplant LLP" ЖШС-ға фитосанитарлық сертификат берген. Құжатты рәсімдеу кезінде Кедендік одақ комиссиясының №318 шешімі мен 2016 жылдың 30 қарашасында ЕЭК Кеңесінің №159 шешімімен бекітілген ЕАЭО кедендік аумағында өсімдіктердің карантинін қамтамасыз етудің бірыңғай ережелері мен номаларын сақтай отырып жүргізілген", - деп жазылған АШМ хабарламасында.
Қазіргі уақытта мемлекеттік инспекция комитеті оқиғаның мән-жайын анықтау жұмыстарын жалғастырып жатыр.