Экономика

Ресей Қазақстаннан санкция салынған картоп жеткізілгенін мәлімдеді – АШМ жауабы  

© Photo : pixabay / stanbalikКартофель
Картофель - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.03.2021
Жазылу
Бұған дейін 60 тонна неміс картобы Ресей Федерациясына қазақстандық өнім түрінде жеткізілгені туралы хабарланды

НҰР-СҰЛТАН, 17 наурыз – Sputnik. Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігі Ресей аумағына Германиядан жеткізілген картопқа қатысты оқиғаны тексеріп жатыр, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Сельскохозяйственная продукция, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.08.2019
Экономика
Қазақстан мен Ресей өнім тасымалдау жөнінде келісімге келді
Бірнеше күн бұрын Ресейдің ауыл шаруашылығы өнімдеріне бақылау жүргізетін мекеме қазақстандық тарапқа РФ аумағына жеткізілетін картоп үшін фитосанитарлық сертификаттар беруді тоқтата тұру туралы өтініш білдірді. Бұған санкциямен тыйым салынған өнімнің қазақстандық деп көрсету арқылы жеткізілгені себеп болып отыр. Ведомство хабарлағандай, 3 наурыз күні қазақстандық жабдықтаушы Ресей аумағына 60 тоннадан астам неміс картобын қазақстандық өнім ретінде өткізген.

Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлағандай, алдын ала тексеру жұмыстары 60 тонна картопқа арналған фитосанитарлық сертификат Кедендік одақ пен ЕАЭО нормаларын қатаң сақтай отырып берілгенін көрсетті. Алайда көкөніс нақты қай елде өсірілгені туралы мәлімет жоқ.

"ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитеті анықтағандай, 2 наурыз күні Ақтөбе облыстық аймақтық инспекциясы Ресей Федерациясындағы "РусЕвроплант" АҚ мекенжайына 60 тонна картоп жеткізу үшін "KazEuroplant LLP" ЖШС-ға фитосанитарлық сертификат берген. Құжатты рәсімдеу кезінде Кедендік одақ комиссиясының №318 шешімі мен 2016 жылдың 30 қарашасында ЕЭК Кеңесінің №159 шешімімен бекітілген ЕАЭО кедендік аумағында өсімдіктердің карантинін қамтамасыз етудің бірыңғай ережелері мен номаларын сақтай отырып жүргізілген", - деп жазылған АШМ хабарламасында.

Қазіргі уақытта мемлекеттік инспекция комитеті оқиғаның мән-жайын анықтау жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Жаңалықтар
0