Қоғам

Наурыз мейрамында қазақстандықтар қанша күн демалады

Заң бойынша Наурыз мейрамына орай 21-23 наурызда үш күн демалыс беріледі. Ал 21 наурыз демалыс күніне түсіп тұрғандықтан мереке жұмыс күніне, 24 наурызға ауыстырылады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 17 наурыз – Sputnik. Биыл Наурыз мейрамында аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 5 күн демалады.  

Заң бойынша елімізде Наурыз мейрамына орай 21-23 наурызда үш күн демалыс беріледі. 21 наурыз демалыс күніне түсіп тұрғандықтан мереке жұмыс күніне, 24 наурызға ауыстырылады. Ал 20 наурыз онсыз да демалысқа сәйкес келіп тұр. Яғни, қазақстандықтар алты күндік жұмыс аптасымен төрт күн, бес күндік жұмыс аптасымен бес күн демалады.

Оқи отырыңыз: 2021 жылы қазақстандықтар неше күн демалады 

Айта кетейік, ұзақ демалыстан кейін қазақстандықтар 25 және 26 наурызда жұмыс істеп, содан кейін қайтадан екі күн – 27-28 наурызда (сенбі, жексенбі) демалады.