Қазақстан мен Ресей аумағында коронавирустың өзіндік штаммы болуы мүмкін – Гинцбург

Гинцбург Қазақстан мен Ресей коронавирустың жаңа штаммын анықтау бойынша жұмысты тезірек бастау керек деп санайды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 16 наурыз – Sputnik. Қазақстан мен Ресей аумағында COVID-19 қоздырғышының өзіндік нұсқалары пайда болуы мүмкін, деп мәлімдеді Гамалея ұлттық эпидемиология және микробиология орталығының директоры Александр Гинцбург.

Оның пікірінше, Қазақстан мен Ресей аумағында COVID-19 қоздырғышының жаңа нұсқасы қалыптасуда. Олардың сәйкестендірілуіне байланысты екі елдегі жұмыстар – эпидемиологтардың мен молекулалық биологтардың бірлескен бағыты болып табылады.

"Біз қолданатын вакцинаның қаншалықты тиімді бейтараптандырылатындығын тексеру үшін штаммның жаңа нұсқаларын бірлесіп оқшаулауды ұйымдастыруымыз керек", – деді Гинцбург Sputnik Қазақстанның мультимедиялық баспасөз орталығында.

Оның айтуынша, бұл жұмысты кейінге қалдыруға болмайды.

Сондай-ақ, Гинцбург "Спутник V" вакцинасы COVID-19 "британдық" штаммынан қорғайды деп мәлімдеді. Ал басқа штаммдардан қорғану бойынша зерттеулер әлі де жалғасуда.

"Бүгінге дейін эксперименталды түрде, оның ішінде біздің институттың зертханаларында "Спутник V" вакцинасы COVID-19 британдық нұсқасын өте жақсы бейтараптандырғаны тексерілді. Ал енді оның басқа нұсқаларына қатысты жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бір-екі аптадан кейін мен сіздерге "Спутник V" вакцинациясының басқа штаммдардан қалай қорғайтынын айта алуым мүмкін", – деп атап өтті Гинцбург.

Оқи отырыңыз: Қазақстандық депутаттар мен министрлерге вакцина қашан егіледі

Айта кетейік, Sputnik Қазақстан халықаралық мультимедиялық баспасөз орталығында Александр Гинцбургтің қатысуымен өткен онлайн брифинг Қарағанды ​​фармацевтикалық кешенінің көмегімен ұйымдастырылды.