Қоғам

Қазақстандық депутаттар мен министрлерге вакцина қашан егіледі

© Sputnik / Тимур БатыршинВакцинация населения против коронавируса в Казахстане
Вакцинация населения против коронавируса в Казахстане - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.02.2021
Жазылу
Вице-министр депутаттар мен министрлерге вакцина наурыздың соңы – сәуірдің басында салынады деп жоспарланып отырғанын атап өтті  

НҰР-СҰЛТАН, 24 ақпан – Sputnik. Министрлер мен парламент депутаттарын вакциналау наурыздың соңы – сәуірдің басы басталады. Бұл туралы бас мемлекеттік санитар дәрігер – денсаулық сақтау вице-министр Ерлан Қиясов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Олар мемлекеттік қызметкерлермен бірдей вакцина салдыратын топқа кіреді. Бұл кезең медициналық қызметкерлер, педагогтар, әскери қызметшілердің вакцинациясы толығымен аяқталғаннан кейін жүргізіледі, сондай-ақ, мемлекеттік қызметкерлерге вакцина егуді көздейді", - деді ол баспасөз мәслихатында.

Қиясов вакцина жайлы: екпе салдырғысы келетіндер өте көп

Вице-министр депутаттар мен министрлерді вакциналау болжаммен наурыздың соңы – сәуірдің басында жүргізілетінін атап өтті.

"Сол уақытта қандай вакцина қолжетімді болса, соны егеміз. "Спутник V" вакцинасы болатын шығар", - деді Қиясов.

Бұған дейін мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева Sputnik Қазақстанға "Спутник V" вакцинасын салдыруды жоспарлап отырғанын айтқан еді.

Жаңалықтар
0