Қоғам

Тоқаев маңызды жарлыққа қол қойды

Жаңадан құрылған Сауран ауданының әкімшілік орталығы Шорнақ ауылында орналасады, оған Шаға, Жаңа Иқан, Ескі Иқан, Үшқайық, Иассы, Оранғай, Қарашық, Жүйнек, Бабайқорған, Шорнақ, Жібек жолы, Майдантал ауылдық округтері кіреді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 15 наурыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорда.  

"Түркістан облысының құрамында әкімшілік орталығы Шорнақ ауылында орналасатын Сауран ауданы әкімшілік-аумақтық бірлігі Кентау қаласының құрамынан Шаға, Жаңа Иқан, Ескі Иқан, Үшқайық, Иассы, Оранғай, Қарашық, Жүйнек, Бабайқорған, Шорнақ, Жібек жолы, Майдантал ауылдық округтерін бөлу жолымен құрылсын", - делінген президенттің қаулысында.

Оқи отырыңыз: Тоқаев жаңа орган құру туралы жарлыққа қол қойды 

Тоқаев Қазақстан үкіметіне осы жарлықты іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдауды тапсырды.

Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.