НҰР-СҰЛТАН, 15 наурыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорда.
"Түркістан облысының құрамында әкімшілік орталығы Шорнақ ауылында орналасатын Сауран ауданы әкімшілік-аумақтық бірлігі Кентау қаласының құрамынан Шаға, Жаңа Иқан, Ескі Иқан, Үшқайық, Иассы, Оранғай, Қарашық, Жүйнек, Бабайқорған, Шорнақ, Жібек жолы, Майдантал ауылдық округтерін бөлу жолымен құрылсын", - делінген президенттің қаулысында.
Оқи отырыңыз: Тоқаев жаңа орган құру туралы жарлыққа қол қойды
Тоқаев Қазақстан үкіметіне осы жарлықты іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдауды тапсырды.
Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.