НҰР-СҰЛТАН, 14 наурыз – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 1 049 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды, деп хабарлайды ведомствоаралық комиссия.
"Індет жұқтырғандардың ең көбі Алматы қаласында (360) тіркелді. Содан кейін Нұр-Сұлтан қаласы (173) мен Алматы облысында (86) анықталды", – делінген хабарламада.
Қалалар мен өңірлер бойынша:
- Нұр-Сұлтан қаласы - 173,
- Алматы қаласы - 360,
- Шымкент қаласы - 7,
- Ақмола облысы - 57,
- Ақтөбе облысы - 12,
- Алматы облысы - 86,
- Атырау облысы - 45,
- Шығыс Қазақстан облысы - 24,
- Жамбыл облысы - 16,
- Батыс Қазақстан облысы - 60,
- Қарағанды облысы - 72,
- Қостанай облысы - 48,
- Маңғыстау облысы - 3,
- Павлодар облысы - 50,
- Солтүстік Қазақстан облысы - 28,
- Түркістан облысы - 8.
Айта кетейік, бүгінге дейін республика бойынша 223 720 адам коронавируспен ауырса, оның ішінде 206 149 пациент жазылып шықты. 2 840 науқас қайтыс болды.