Қоғам

Өткен тәулікте Қазақстанда мыңнан астам адамнан вирус анықталды

© AP Photo / Luca BrunoМедицина қызметкерлері
Медицина қызметкерлері - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.03.2021
Жазылу
Бүгінге дейін республика бойынша 223 720 адам коронавируспен ауырып, 206 149 пациент жазылып шықты

НҰР-СҰЛТАН, 14 наурыз – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 1 049 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды, деп хабарлайды ведомствоаралық комиссия.

"Індет жұқтырғандардың ең көбі Алматы қаласында (360) тіркелді. Содан кейін Нұр-Сұлтан қаласы (173) мен Алматы облысында (86) анықталды", – делінген хабарламада.

Қалалар мен өңірлер бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 173,
  • Алматы қаласы - 360,
  • Шымкент қаласы - 7,
  • Ақмола облысы - 57,
  • Ақтөбе облысы - 12,
  • Алматы облысы - 86,
  • Атырау облысы - 45,
  • Шығыс Қазақстан облысы - 24,
  • Жамбыл облысы - 16,
  • Батыс Қазақстан облысы - 60,
  • Қарағанды облысы - 72,
  • Қостанай облысы - 48,
  • Маңғыстау облысы - 3,
  • Павлодар облысы - 50,
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 28,
  • Түркістан облысы - 8.

Айта кетейік, бүгінге дейін республика бойынша 223 720 адам коронавируспен ауырса, оның ішінде 206 149 пациент жазылып шықты. 2 840 науқас қайтыс болды.

Жаңалықтар
0