Оқиға

Алматыда науқасты ауруханаға апара жатқан жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады – видео  

Жедел жәрдем бригадасы апат болған кезде науқасты ауруханаға апара жатқан. Кейінірек пациентті әкету үшін оқиға орнына басқа дәрігерлер келді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 13 наурыз – Sputnik. Алматыда Байтұрсынов пен Жамбыл көшелерінің қиылысында жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Жедел жәрдем көлігі Байтұрсынов көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, Жамбыл көшесімен қиылыста бағдаршамның қызыл түсінен өткен. Айта кету керек, жедел жәрдем көлігі қозғалысты жалғастыру үшін велосипед жолағына шыққан.  

Алматыда науқасты ауруханаға апара жатқан жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады – видео  

Осы кезде Chevrolet Ravon көлігі Жамбыл көшесімен жасыл түске жүрген, оның жүргізушісі дер кезінде тоқтап үлгермей, көлік құралына соғылған. Chevrolet жүргізушісінің айтуынша, ол сиренаны естімеген.

Ақтөбе маңында жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады: қайтыс болғандар бар

Соққыдан жеңіл көлік бұрылып кетті, ал жедел жәрдем бордюрге соғылып тоқтады.

Кейінірек науқасты алып кету үшін апат орнына басқа медициналық бригада келді. Жеңіл көліктің жүргізушісін дәрігерлер тексерді, ол ауруханаға жатудан бас тартты.