Әлем

Еуропада вакциналауға қатысты түйткілді мәселе шешіле ме

Одақтағы вакцинацияға байланысты жағдайдың күрделенгені соншалық, Еуропа комиссиясы ЕО-ға мүше елдердің Брюссель мақұлдамаған өндірушілерден де препарат сатып алу құқығын растады
Sputnik

Еуропа дәрілік заттар агенттігінің (ЕМА) төрағасы, Австрияның денсаулық мәселелері жөніндегі агенттігінің өкілі Криста Виртумер-Хохе "Спутник V" вакцинасын жедел мақұлдауды "орыс рулеткасымен" салыстырды, деп жазды РИА Новости

Бұл мәселе тектен-тек туындаған жоқ. Себебі, Австрия ресейлік препаратқа қызығушылық танытып отыр. Өткен аптада Ресейдің тікелей инвестициялар қоры делегациясы мен канцлер Сабастьян Курц арасында келіссөздер өтті. Ел билігі Еуропа нарығына шығаруға ЕМА рұқсатын күтетінін мәлімдегенмен, ЕО-ның бай әрі ықпал елінің бірі Мәскеумен вакциналық ынтымақтастық орнатқалы жатқаны бақылаушылар үшін дабыл белгісі іспеттес. 

Коронавирусқа қарсы вакцина бедеулікке ұшыратпайды

Виртумер-Хохенің осы мәлімдемесіне қатысты "Спутник V" әзірлеген ресейлік мамандар еуропалық шенеуніктің кешірім сұрауын талап етті. 

Ең алдымен ол "Спутник V" вакцинасын қолдануға рұқсат еткен 46 елдің ұлттық тұрақтандырушы мекемелерінің біліктілігіне күмән келтірді. Сонымен қатар ЕМА бұған дейін ешбір препарат туралы қандай да бір пікір білдірмеген болатын. Себебі, бұл кәсібилікке тән әрекет емес. Ал агенттіктің ресейлік әзірлемеге қатысты кемсітушілік пікірі оның саяси көзқарасты ұстанып отырғанын білдіреді. 

Жалпы Брюссельдегі вакциналау төңірегінде туындаған проблемалар Виртумер-Хохенің бұл әрекетіне түсіністікпен қарауға ықпал етеді. Жіті ойластырылған және идеологияға толық сәйкес келетін Еуропа жоспарынығ күлі көкке ұшты. Ресейлік және басқа да "күмәнді" вакциналарды шеттете отырып, вакциналаудың орталықтандырылған процесін ұйымдастырмақ болған ЕМА сертификаттау үшін "Спутник V" сараптама процесін бастауға мәжбүр. 

Одақтағы вакцинацияға байланысты жағдайдың күрделенгені соншалық, Еуропа комиссиясы ЕО-ға мүше елдердің Брюссель мақұлдамаған өндірушілерден де препарат сатып алу құқығын растады. Өз кезегінде БАҚ Еуропа стратегиясының құлдырауы туралы жиі жазып жатыр. Германияның Die Welt басылымы шағын ғана Сан-Марино мемлекеті "Спутник V" вакцинасын алғашқы болып тіркеуіне не себеп болғанын ашып жазды.

Пандемия кезінде адам шығыны көп болған бұл мемлекеттің билігі ЕОның орталықтандырылған арнасы арқылы вакцина алу үшін Брюссельдің табалдырығын тоздырғанын айтқан. Бұл жанайқай еш нәтиже бермеген соң, олар "Спутник V" жеткізу бойынша Ресей Федерациясына ұсыныс жасаған. 

Мұсылмандарға вакцина салдыруға бола ма – мүфтият жауабы

Еуроодақ қолындағы бастаманы ұлттық билік өз қолына алуының тағы бір мысалы ретінде Италияның белсенді әрекеттерін атауға болады. Бірнеше апта бұрын Еуроодақта вакцина экспортына тоқтау салуға мүмкіндік беретін механизм енгізді. Италиялықтар осы мүмкіндікті бірінші болып қолданып үлгерді. AstraZeneca компаниясы Италияның Ананьи қаласында дайындалған өз препаратының 250 мың дозасын Австралияға жөнелтуді жоспарлады. Ал Австралияда коронавирус бойынша жағдай Еуропаға қарағанда әлдеқайда оң сипатқа ие. Оның үстіне бұл елде 300 мың доза вакцина бар. Бұл осы айда AstraZeneca технологиясы бойынша өз өндіріс орнын ашуға дейін жағдайды тұрақты ұстап тұруға жеткілікті. 

Сондықтан Италия билігі осы партияның экспортына қатысты өтінімді қабылдамай кері қайтарды. Ел премьер-министрі Марио Драги ЕОны вакциналарды жеткізу бойынша өз міндеттерін дұрыс орындамай жатқан компанияларды қатаң жазалауға шақырды. Бұл рейтингте AstraZeneca компаниясы көш бастап тұр. 

Италияның белсенділігі мұнымен аяқталған жоқ. Екі күн бұрын Ресейдің тікелей инвестициялар қоры мен Adienne Pharma&Biotech компаниясы арасында Италиядағы "Спутник V" өндірісі туралы келісімге қол қойылды. Бұл Еуропадағы осы тектес алғашқы құжат. 

Мәжіліс депутаттары коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

Брюссельдің экономика саласындағы жағдайы да мәз емес. Еуропа экономикасының қалпына келуі ұзаққа созылып барады, енгізілген шектеулеркәсіпорындардың жұмысын тұралатып қойды, капитал жылыстап, туристік маусым тағы да көзден бұлбұл ұшқалы тұр. 

Мұндай жағдайда Еуроодақтың өз қатарындағыларды тәртіпке шақыруға шамасы келмей тұрғаны анық. Сол себепті ол өз құрамындағы мемлекеттердің пандемиямен жеке-дара күресіп, идеологиялық мінсіз стратегияны екінші орынға ысырып қойғанын үнсіз бақылауға мәжбүр.