Өңірлер

Алматыда "массаж жасайтын" қыздарды полиция ұстап әкетті

20-дан 33 жасқа дейінгі қыздар ақшаға боди массаж жасаумен айналысқан. Ал мұндай массаж интимдік қызмет түрі деп саналады және жезөкшелікпен теңестіріледі
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 10 наурыз – Sputnik. Алматыда массаж салонының атын жамылып жұмыс істеген тағы бір жезөкшелер үйі анықталды, деп хабарлады Polisia.kz.  

Медеу ауданында интимдік сипаттағы қызметтер көрсететін жезөкшелер үйі анықталды. Онда 20-дан 33 жасқа дейінгі қыздар ақшаға өз клиенттеріне боди массаж жасаумен айналысқан. 

Алматыда полиция ерлерге қызмет көрсетіп жатқан 13 жезөкшенің үстінен түсті - видео

"Мұндай массаж процедурасының құны шамамен 20 мыңнан 40 мың теңгеге дейінгі соманы құрайды. Жеке үйдің ғимаратында бар және демалыс бөлмелері болған. Жеті қыздың алтауы – әр облыстан келген отандасымыз, ал біреуі – Өзбекстан азаматы", – деп хабарлады Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров.

Оның айтуынша, мұндай боди массаж интимдік қызмет түрі деп саналады және жезөкшелікпен теңестіріледі, сәйкесінше мұндай қызмет түрін ұсынушылар базаға жезөкшелікпен айналысатын адамдар ретінде енгізіледі.

"Жеке басын анықтау және тиісті шаралар қабылдау үшін барлық "массажист" полиция басқармасына жеткізілді", – деп түйіндеді Іңкәров.