Қоғам

Алматыда полиция ерлерге қызмет көрсетіп жатқан 13 жезөкшенің үстінен түсті - видео

© Photo : ДВД АлматыДевушки
Девушки - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Карантинді бұзушылар Нұр-Сұлтанда да анықталды, олардың барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

АЛМАТЫ, 7 қараша — Sputnik. Алматы полициясы Наурызбай батыр көшесіндегі үйлердің бірінің жертөлесінде жұмыс істеп тұрған стриптиз-клубты анықтады. Мекеменің иелері карантиндік шараларды бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері стриптиз-клубты алдын алу және азаматтардың жаппай шоғырланатын жеріне мониторинг жүргізу жұмыстары кезінде анықтады. Мекеме Алмалы ауданындағы Наурызбай батыр көшесіндегі үйлердің бірінің жертөлесінде орналасқан, деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәртіп сақшылары стриптиз-клубқа барған кезде 13 қыз ерлерге қызмет көрсетіп жатқан. Қыздардың Алматыға Қазақстанның барлық аймағынан жұмыс істеу үшін келгені белгілі болды.

Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнаманың талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзғаны үшін құқық бұзушыларға Қазақстанның әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексінің 425-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Елорда полициясы да тәртіп бұзушыларды анықтады

Нұр-Сұлтан полициясы бір тәулікте карантин режимін бұзудың  25 фактісі анықталғанын хабарлады.

Мысалы, 6 қараша күні сағат 22:50-де "Анкара" түнгі клубы белгіленген кестені сақтамай жұмыс істеді. Мекемеде 50-ден астам адам болған.

Сол түні сағат 23:30-да мобильді топ "Сова" караоке-клубының жұмыс істеп тұрғанын анықтады.

40 адам әлеуметтік қашықтықты және санитарлық-эпидемиологиялық норманы сақтау қажеттігін ұмытып, көңіл көтеріп жатқан. "Алания" түнгі клубында да жүзден астам жас көңіл көтеріп, сауық-сайран құрған.

"Бұл мекемелердің иелері тыйым салу туралы талапты елемей, адамдардың денсаулығына қауіп төндірді. Оларға қатысты жиналған материал Қазақстанның әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексінің 425-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаментіне жіберілді", - деп хабарлады полициядағылар.

Мобильді топ бір тәулікте барлығы 274 кәсіпкерлік нысанын тексерді.

Жаңалықтар
0