НҰР-СҰЛТАН, 8 наурыз – Sputnik. Алматыда жүздеген әйел көшеге шықты. Бұл жергілікті билік өкілдеріне әйелдер шеруін өткізу туралы ескертіліп, ұйымдастырылған ауқымды шараның бірі болды, деп хабалайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұған дейін "Feminita" феминистік тобы әлеуметтік желідегі парақшасында бұл туралы хабарланған болатын. Осы топтан бөлек акция ұйымдастырушыларының қатарында "КазФем", "ФемСреда", "SVET" қоры мен FemAgora да бар.
Шеруге қатысушылар әйелдер құқығын қорғау үшін көшеге шыққанын айтып отыр. Ал негізгі талаптары - тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңды күшейту, бірдей еңбекақы енгізу, "әйелдерге тән емес" кейбір мамандықтарға жол ашу.
Акцияға шыққандар Ганди атындағы саябақта кездесті. Ол жерге, шамамен, 500-дей адам келді. Бұл феминистік қозғалыстың Алматыда өткен ең ірі маршы болып саналады. Оған қатысушылар Шевченко көшесі мен Жароковтан бастап Қонаевқа дейін плакат ұстап, жүріп өтті.
Бүгінгі маршқа байланысты Шевченко көшесінде көлік қозғалысы уақытша жабылды. Қатысушылардың алдында полиция көлігі жүрді. Жедел жәрдем де болды.
"Біз әйелдер митингін 2017 жылдан бері өткізуге тырыстық. Бүгін мақсатымызға жеттік", - дейді ұйымдастырушылар.