Қоғам

Алматыда 500-ге жуық әйел көшеге шықты - фото

© Sputnik / Ольга ТонконогБолее 500 человек вышли на женский марш в Алматы с лозунгом "Феминизм спасет Казахстан"
Более 500 человек вышли на женский марш в Алматы с лозунгом Феминизм спасет Казахстан - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.03.2021
Жазылу
Алматы қаласында әйелдер шеруіне 500-ге жуық адам шықты. Негізгі ұраны - "Феминизм Қазақстанды құтқарады!"

НҰР-СҰЛТАН, 8 наурыз – Sputnik. Алматыда жүздеген әйел көшеге шықты. Бұл жергілікті билік өкілдеріне әйелдер шеруін өткізу туралы ескертіліп, ұйымдастырылған ауқымды шараның бірі болды, деп хабалайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бұған дейін "Feminita" феминистік тобы әлеуметтік желідегі парақшасында бұл туралы хабарланған болатын. Осы топтан бөлек акция ұйымдастырушыларының қатарында "КазФем", "ФемСреда", "SVET" қоры мен FemAgora да бар.

© Sputnik / Ольга ТонконогФеминист әйелдер шеруі
Алматыда 500-ге жуық әйел көшеге шықты - фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.03.2021
Феминист әйелдер шеруі

Шеруге қатысушылар әйелдер құқығын қорғау үшін көшеге шыққанын айтып отыр. Ал негізгі талаптары - тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңды күшейту, бірдей еңбекақы енгізу, "әйелдерге тән емес" кейбір мамандықтарға жол ашу.

© Sputnik / Ольга ТонконогФеминист әйелдер шеруі
Алматыда 500-ге жуық әйел көшеге шықты - фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.03.2021
Феминист әйелдер шеруі

Акцияға шыққандар Ганди атындағы саябақта кездесті. Ол жерге, шамамен, 500-дей адам келді. Бұл феминистік қозғалыстың Алматыда өткен ең ірі маршы болып саналады. Оған қатысушылар Шевченко көшесі мен Жароковтан бастап Қонаевқа дейін плакат ұстап, жүріп өтті.

© Sputnik / Ольга ТонконогАлматыда әйелдер шеруге шықты
Алматыда 500-ге жуық әйел көшеге шықты - фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.03.2021
Алматыда әйелдер шеруге шықты

Бүгінгі маршқа байланысты Шевченко көшесінде көлік қозғалысы уақытша жабылды. Қатысушылардың алдында полиция көлігі жүрді. Жедел жәрдем де болды.

"Біз әйелдер митингін 2017 жылдан бері өткізуге тырыстық. Бүгін мақсатымызға жеттік", - дейді ұйымдастырушылар.

© Sputnik / Ольга ТонконогАлматыда әйелдер шеруге шықты
Алматыда 500-ге жуық әйел көшеге шықты - фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.03.2021
Алматыда әйелдер шеруге шықты
Жаңалықтар
0