Өңірлер

Атырауда қарақшылық жасады деген күдікпен 25 жастағы жігіт ұсталды

Микрокредит ұйымының кассирі белгісіз біреудің пышақпен қорқытып, кассадағы 400 000 теңгені алып кеткенін хабарлаған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 7 наурыз – Sputnik. Атыраулық полицейлер микрокредит ұйымының кеңсесіне қарақшылық жасады күдіктіні ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.   

5 наурыз күні сағат 10:45 шамасында "102" операторына Атырау қаласы Вокзал маңы ықшам ауданында орналасқан микрокредит ұйымының кассирі медициналық бетперде киген белгісіз біреудің 10:30 шамасында пышақпен қорқытып, кассадағы 400 000 теңгені алып кеткені туралы хабарлама берген.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда екі жігіт банк тонамақ болды – видео 

Полиция департаментінің қызметкерлері өткізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті ретінде 25 жастағы жігітті ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады.

Қазіргі таңда Қазақстан Қылмыстық кодексінің 192-бабының 1-бөлігі (Қарақшылық) бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат заңға сәйкес жарияланбайды.