Фото

Еуропаға көктем келді: Германияда ғасырлық рекорд жаңарды – фото

Sputnik

Ғалымдар Еуропадағы климаттың күрт өзгеруін Гольфстримді бәсеңдеткен ғаламдық жылынумен байланыстырды.

Бүкіл Еуропаны жауып тұрған жылы ағын баяулап, бұл жаз айларындағы аптап ыстық пен қыстағы қарлы боранға алып келді.

Германияда бір апта бұрын қар жауып, аяз болса, қазір қала тұрғындары жаз кезіндегідей жылы ауа райын сезініп, жағажайларда серуенге шықты. Германияның Геттинген қаласында 14 ақпанда минус 23,8 градус, ал 21 ақпанда 18,1 градус жылы болды. Осылайша, 1880 жылғы рекорд жаңарды. Ол кезде Йенада температура 7 күнде минус 5,1 градустан плюс 36 градусқа дейін көтерілген болатын.

Оқи отырыңыз: Өткенге үңілу - өнегелі іс: Нұр-Сұлтан ғимараттарындағы мозаикалар – фото

Алайда синоптиктер бұл жылы күндер ұзаққа созылмайтынын, көп ұзамай Еуропаны қайтадан қарлы боран әбігерге салатынын мәлімдеді.

Бірақ бұл көктемнің жылы және шуақты күнінде серуендеудің бас тартуға себеп емес.

1 / 11
Пандемияны ескергенмен, көктемнің шуақты күні төрт қабырғаға қамалып отыруға мұрша бермейді. Сондықтан, Кельн трһұрғындары D дәруменін қабылдау үшін таза ауада серуендеуге шықты.
2 / 11
Лондон орталығындағы Сент-Джеймс саябағында көктемгі алғашқы нәркестер бүр жарды.
3 / 11
Көктемнің жаңа басталған шағында жылы ауа райына таң-тамаша болған Париж тұрғындары Сена жағалауында романтикалық пикниктер ұйымдастырды.
4 / 11
Данияның Ютландияда жағалаудағы ақшыл құмнан да жылы леп сезіледі. Блокхутегі жағажай пандемиядан шаршаған адамдардың сүйікті демалыс орнына айналды.
5 / 11
Париждіктер көктем мен романтиканы қатты ұнатады. Бұл қалада шуақты күннен ләззат алуға болатын романтикалық орындар өте көп. Соның бірі – Люксембург бағы.
6 / 11
Прагадағы Карлов көпіріндегі жай серуен ашық аспанда күннің жарқырап тұрғаны ерекше көтеріңкі көңіл сыйлайды.
7 / 11
Ниццедегі Ағылшын жағалауында серуендеген азаматтар күн сәулесімен ойнаған су мен жылы самалдың куәсі бола алады.
8 / 11
Шуақты көктемнің жылы кешінде париждіктер Сена өзенінің жағасында демалып отыр.
9 / 11
Жағалауда сейіл құру әркез қызыққа толы. Әсіресе, британдық Брайтон тұрғындары иттерімен су жағасында серуендегенді ұнатады.
10 / 11
Көңілді көктем кезінде жауған жаңбыр да жабығуға себеп бола алмайды. Понтицилл су қоймасының сұлулығы. Оңтүстік Уэльстегі Брекон-Биконс ұлттық паркі.
11 / 11
Әйтсе де, бұл фотолардан да пандемияның қоғамға әсерін бақауға болады. Жағалауда серуендеген адамдар әлеуметтік қашықтықты сақтауға тырысады.