Фото

"Алтын глобус-2021" сыйлығын тапсыру рәсімі алғаш рет онлайн өтті – жұлдыздар фотосы

Sputnik

Биыл "Алтын глобус" киносыйлығын табыстау шарасы 78-ші рет өтті. Марапаттарды тапсыру бір уақытта екі қалада – Нью-Йорк пен Лос-Анджелесте ұйымдастырылды. Коронавирус пандемиясына байланысты бұл шара алғаш рет виртуалды форматта өтті.

Шараны актрисалар – Тина Фей мен Эми Полер жүргізді.

Биылғы жылы "Көшпенділер жері" драмасы мен атышулы "Борат 2" комедиясы жеңімпаздар ретінде танылды. Қос кинокартина өз категориясы бойыша үздік деп танылды. Сол сияқты "Жан" мультфильміне де қос мүсін бұйырды.

Сыйлықты табыстау видеоконференция форматында өтті. Бірқатар танымал жұлдыз салтанатты шараға қатысудан бас тартып, онлайн байланыста болды.

"Алтын глобус" сыйлығын тапсыру сәті мен қызыл кілемшедегі жұлдыздар суреттерін біздің материалдан тамашалаңыз.

"Алтын глобус" – 1944 жылдан бері кинофильмдер мен телевизиялық жобалардағы еңбегі үшін Голливуд шетелдік баспасөз қауымдастығы табыс ететін сыйлық. Марапат жеңімпаздары Голливудте тұратын 90-ға жуық халықаралық журналистің дауыс беруі арқылы анықталады.

1 / 16
Биыл "Үздік драмалық фильм" номинациясы бойынша Хлоя Чжаоның "Көшпенділер жері" картинасы жеңімпаз атанды. Суретте: актриса Кэтрин Зета-Джонс пен актер Майкл Дуглас.
2 / 16
Сондай-ақ, Девид Финчердің "Манк" картинасы, Флориан Зеллердің "Әке" фильмі, Ааорн Соркиннің "Чикаголық жетілік соты" туындысы мен Эмиральд Феннелдің "Үміт арқалаған бойжеткен" киносы да дәл осы номинация бойынша бақ сынап көрді. Суретте: актер Бен Стиллер марапаттау шарасында глобус пішінді тәтті тоқашты ұстап тұр.
3 / 16
Андра Дэй "Құрама Штаттары Билли Холидейге қарсы" фильміндегі рөлі үшін "Драмалық фильмдегі үздік әйел рөлі" номинациясын жеңіп алды. Суретте: жүргізуші Анджела Бассетт.
4 / 16
"Ма Рейни: Блюзь анасы" фильміндегі рөлі үшін актер Чедвик Боузман үздік драмалық актер деп танылды. Чедвик Боузман өткен жылдың тамыз айында обыр ауруынан көз жұмды. Ол көпшілікке "Қара пантера" фильміндегі басты рөл арқылы танымал болды. Суретте: актриса Аквафина
5 / 16
Ал Джейсон Уолинердің "Борат 2" фильмі "Үздік комедия" номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Суретте: америкалық актриса Джиллиан Андерсон.
6 / 16
Актер Шон Пенн АҚШ-та өткен "Алтын глобус" сыйлығын тапсыруға арналған салтанатты шарада.
7 / 16
"Гамильтон" (Томас Каил), "Палм-Спрингсте көңіл-көтеру" (Макс Барбаков), "Түлектер кеші" (Райан Мерфи) "Мьюзик" (әнші Сиа) фильмдері де үздік комедия номинациясының сыйлығынан үмітті болатын. Суретте: салтанатты шараға қатысқан әнші София Карсон.
8 / 16
"Чикаголық жетілік соты" картинасының сценарийін жазған Ааорн Соркин "Үздік сценарист" деп танылды. Суретте: актриса Аня Тейлор-Джой.
9 / 16
"Алтын глобус" шешімі бойынша үздік шағын сериал "Патшайым жүрісі", үздік драмалық сериал – "Тәж", үздік комедиялық сериал – "Шиттс Крик". Суретте: израильдік актриса Галь Гадот.
10 / 16
Әнші Синтия Эриво да "Алтын глобус" сыйлығын табыстау салтанатына қатысты.
11 / 16
"Шет мемлекет тіліндегі үздік фильм" номинациясында ұлты кәріс америкалық режиссер Ли Айзека Чунаның "Минари" картинасы үздік деп танылды. Суретте: марапттау шарасына қатысқан актриса Кейт Хадсон.
12 / 16
Үздік анимациялық фильм – "Жан". Суретте: актриса Сальма Хайек.
13 / 16
Актриса әрі шараның жүргізушілері Тина Фей (сол жақта) мен Эми Полер "Алтын глобус" марапатының жеңімпаздарын анықтау кезінде.
14 / 16
20-дан астам номинация бойынша "Алтын глобус" сыйлығын табыстау рәсімі жыл сайын өтеді. Суретте: актриса Марго Робби.
15 / 16
Марқұм Чедвик Боузман "Алтын глобус" сыйлығына лайықты деп танылды.
16 / 16
АҚШ киноакадемиясының "Оскар" сыйлығымен қатар "Алтын глобус" та әлемдегі ең беделді марапаттардың бірі болып саналады. Суретте: актер Кристофер Мелони қызымен бірге.