Оқиға

Алматы облысында Ан-2 шұғыл қонды: ұшақ командирі не болғанын айтты - видео

Ұшақтың ішінде экипаждың екі мүшесі мен үш медициналық қызметкер болған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 28 ақпан – Sputnik. 26 ақпанда Боралдай әуежайынан ұшып шыққан Ан-2 апатты жағдайда шұғыл қонуға мәжбүр болды. Ұшақтың командирі Тахир Өтегенов не болғанын айтып берді.

"Шұғыл тапсырманы орындауға ұшқан кезде 50 метр биіктікке көтерілгенде мен құлап жатқанымызды сездім, қозғалтқыштың қуаты әлсірей бастады. Мен әуежайға оралу үшін ұшақты кері бұрдым. Ұшақтың ішінде жолаушылар болғандықтан және елді мекеннің үстінен ұшып бара жатқанымызды ескеріп, қонуға мейлінше қолайлы жер таңдадым. Борттағы жолаушылар мен экипаж мүшелері дін аман", - деді Тахир Өтегенов.