НҰР-СҰЛТАН, 28 ақпан – Sputnik. 26 ақпанда Боралдай әуежайынан ұшып шыққан Ан-2 апатты жағдайда шұғыл қонуға мәжбүр болды. Ұшақтың командирі Тахир Өтегенов не болғанын айтып берді.
"Шұғыл тапсырманы орындауға ұшқан кезде 50 метр биіктікке көтерілгенде мен құлап жатқанымызды сездім, қозғалтқыштың қуаты әлсірей бастады. Мен әуежайға оралу үшін ұшақты кері бұрдым. Ұшақтың ішінде жолаушылар болғандықтан және елді мекеннің үстінен ұшып бара жатқанымызды ескеріп, қонуға мейлінше қолайлы жер таңдадым. Борттағы жолаушылар мен экипаж мүшелері дін аман", - деді Тахир Өтегенов.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Еске сала кетсек, 26 ақпанда сағат 12:30 шамасында "Азия Континенталь" компаниясының Боралдай-Кеген бағытында санитарлық рейске шыққан АН-2 ұшағы автомобиль жолынан бір шақырым жерге қонуға мәжбүр болды.
Ұшақ ішінде бес адам болған – екі экипаж мүшесі мен үш жолаушы (медициналық қызметкерлер). Қазіргі уақытта индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің әуе апаттарын тергеу басқармасы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram